НҰР-СҰЛТАН, 15 қаңтар – Sputnik. Жамбыл облысында алты жыл бойы қарындасын зорлап келген азғынға қатыста сот үкімі шықты.
22 жастағы қаскөйдің кінәсі толық дәлелденді, енді ол он бес жылын қатаң режимдегі түрмеде өткізеді, деп хабарлады "Астана" арнасы.
"Расында қыздың көрсетпесі бойынша үйде ешкім жоқта жасайтын. Әрдайым сол әркетті қайталайтын. Бастапқыда қыз түсінбеген. Өйткені кіші сыныптарда оқыған. Ол қорқытқан, яғни айтсаң айта бер, өзің кінәлі боласың деген", - деп түсіндірді судья Ләззат Ілиясова.
Бұл сұмдық оқиға жетінші сынып оқитын жеткіншек жүкті болып қалған соң анықталған. Қызының аяғы ауыр болып қалғанын анасы байқап, дәрігерге апарады. Сұрақтың астына алған анасына сәбидің әкесі өзінің ағасы екенін айтады.
Жамбыл облысында кішкентай қызға азғындық жасаған педофил ауыр жаза арқалады
Сотталушы отағасының бірінші некесіндегі жетім өскен ұл екені белгілі болды. Оны асырап алған. Ал айыпталушы оны өзі де білмеген.
13 жастағы жүкті болып қалған қыздың денсаулығы ескеріліп, 21 апталығында түсік жасалған.
Сараптамадан кейін шақалақтың әкесі 22 жастағы сотталған азамат екені дәделденген. Бұл жағдай Тұрар Рысқұлов ауданы Жаңатұрмыс ауылында болған.