Қоғам

Қытай иероглифі бар көгершіндер қазақстандықтарды дүрліктірді - фото

© Photo : СС0 / CouleurГолуби
Голуби - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ауыл шаруашылығы министрлігі құстар Қытайдағы көгершін жарысының "қатысушылары" екенін айтты. Өңірге қатты желмен ұшып келген

АЛМАТЫ, 15 қаңтар — Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары өңірде құйрығы мен қанатында қытай жазбалары бар көгершіндерді көріп шошыды. Оқиғаның мән-жайын білу үшін Катон-Қарағай ұлттық паркіне хабарластық.

Ғылым бөлімінің қызметкерлері мұндай құстарды 2015 жылдан бастап зерттеген екен. Бірнеше ғылыми мақала да жарыққа шығыпты.

Төрт жыл бұрын Беқалқа ауылының тұрғындары өлі көгершінді тапқан. Оның сол жақ сирағында смартфонмен қадағаланатын қара пластик сақина болған.  

Тағы оқыңыз: Қытай иероглифі жазылған алма қазақстандықтарды шошытты - фото

Құстың қанатында қызыл түсті иероглифтер болды. Ең қызығы, көгершіндер аулалардағы құстың жемін емін-еркін жеп жүрген. Адамдардан мүлдем қорықпапты.

"Қытайдан келген көгершіндерді зерттеген кезде олардың маңызды ақпарат тасып жүргенін білдік. Алайда бұл құпия ақпарат емес, спортқа қатысты мәлімет. Өткен ғасырдың 90 жылдарында әлемде көгершін спорты мен бизнесі дамыған екен. Оның арқасында біраз ақша табуға болды. Мұндай елдердің бірі Қытай", - деп жазды Экология, геология және табиғи ресурстар комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет өзінің Facebook-тегі парақшасында. 

Жаңалықтар
0