Әлем

Ресей үкіметі отставкаға кетті

© Sputnik / Владимир Вяткин / Медиабанкке өтуГорода России. Москва
Города России. Москва - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресейдің премьер-министрі Дмитрий Медведев президент жолдауынан кейін үкімет отставкаға кететінін мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 15 қаңтар — Sputnik. Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев республика президенті Владимир Путиннің федералдық жиналысқа жасаған жолдауынан кейін үкіметтің толық құрамда отставкаға кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.

Владимир Путин үкімет мүшелеріне бірлескен жұмыс үшін алғыс айтты. Сонымен қатар Ресей президенті таяу арада үкіметтің әрбір мүшесімен кездесетінін жеткізді. Әзірге, олардан өз қызметін толық көлемде орындауды сұрады. 

"Жолдауында Владимир Путин мемлекеттің бір жылда қандай бағыттарды дамытуға басымдық беретінін ғана айтып қоймай, Ресей Федерациясының Конституциясына енгізілетін өзгерістерді де қозғады. Бұл өзгерістер талқыланып, енгізіледі", - деді Медведев жолдаудан соң Путинмен кездесу кезінде.

Ресей президенті Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары қызметі енгізілетінін айтты. Ол жаңа қызметті Дмитрий Медведевке ұсынды. Путин Медведевке үкімет басшысы қызметін атқарғаны үшін алғыс айтты.

Айта кетсек, 15 қаңтар күні Владимир Путиннің жолдауы федералдық жиналыс алдында жасалды.

 

Жаңалықтар
0