НҰР-СҰЛТАН, 15 қаңтар – Sputnik. Премьер-министр Асқар Мамин "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы қызметінен кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан eGov порталына сілтеме жасап.
Үкімет қаулысымен премьер-министр Асқар Мамин "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ директорлар кеңесінен шығарылды. Сонымен қатар президент әкімшілігі басшысының орынбасары Тимур Сүлейменов те кеңестен кетті.
Кеңестің жаңа құрамына президенттің көмекшісі Қанат Бозымбаев кірді.
Осы қаулы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді.
Тағы оқыңыз: Асқар Маминнің өмірбаяны
Асқар Мамин "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ директорлар кеңесін 2019 жылдың наурызынан бастап басқарды.
Мамин 2019 жылдың 25 ақпанында Қазақстан премьер-министрі болып тағайындалды.