Саясат

Отыз жеті судья жұмыстан шығарылған: Тоқаев Жоғарғы сот төрағасын қабылдады

© Sputnik / Абзал КалиевАкорда
Акорда - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өткен жылы Қазақстанда бірқатар сот тәртіптік және қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады.

Кездесу барысында жаңа судьяларды іріктеу, конкурс рәсімдерінің ашықтығы мен кадрларды ілгерілету ісін объективті жүргізу мәселелері талқыланды.

Тағы оқыңыз: Алматы қаласы ауданының судьясы парамен ұсталды - видео

Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2019 жылы заңсыз шешім қабылдаған, сот әдебін бұзған, аттестациядан өтпеген 37 судьяның теріс іс-әрекеттері үшін жұмыстан шығарылғаны туралы ақпарат берілді. Бірқатар соттың тәртіптік және қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны жайында айтылды.

"Жақып Асанов Қазақстан президентіне сот шешімдерінің сапасын арттыруға бағытталған шаралар жөнінде мәлімет берді", - деп жазылған Ақорданың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Кездесу қорытындысы бойынша мемлекет басшысы "100 нақты қадам" Ұлт жоспары мен Қазақстан халқына арналған Жолдауда айтылған міндеттерді орындау жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.

© Официальный сайт Президента Казахстана / AMANҚасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады
Отыз жеті судья жұмыстан шығарылған: Тоқаев Жоғарғы сот төрағасын қабылдады - Sputnik Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады

Президенттің пікірінше, мемлекеттік органдар мен азаматтар арасындағы құқықтық дауларды шешу механизмі ретінде әкімшілік әділет құрылымын енгізу маңызды міндет саналады.

Қасым-Жомарт Тоқаев сот жүйесін реформалау жұмыстарын жалғастыру жөнінде тапсырма берді.

Жаңалықтар
0