Спорт

Спортшы шынтағымен жойқын соққы жасап, қарсыласын нокаутқа жіберді – видео

CC0 / Mirko Zax / Поединок бойцов MMA, иллюстративное фото
Поединок бойцов MMA, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жекпе-жек халықаралық Rebel FC 10 турнирі кезінде болды. Спортшылар жеңіл салмақ дәрежесінде өнер көрсетті

НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар — Sputnik. Ресейлік спортшы Газават Сулейманов шынтағымен жойқын соққы жасап, Қытайдың Ішкі Моңғолия ауданынан келген қарсыласы Йибугеле Йббдлланы нокаутқа түсірді.

Р-Спорттың хабарлауынша, кездесу Мәскеуде Rebel FC 10 турнирінде жеңіл салмақ дәрежесінде өтті. Жекпе-жек бірінші раундта аяқталды. Ресейлік спортшы қарсыласын шынтағымен ұрып, нокаутқа түсірді.

Тағы оқыңыз: Қазақстандық спортшыны қытай жойқын нокаутқа түсірді – видео

Бұл 29 жастағы Сулеймановтың  он бірінші жеңісі. Екі рет жеңілді.

Жаңалықтар
0