Әлем

Ливия мемлекеттілігін НАТО жойды - Лавров

© AFP 2024 / -LNA WAR INFORMATION DIVISIONВоенная техника под командованием маршала Халифы Хафтара
Военная техника под командованием маршала Халифы Хафтара - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ливия мемлекеттілігін НАТО "бомбалады", деп мәлімдеді Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров

НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар – Sputnik. Қазір Ливияның мемлекеттілігі жоқ. Оны 2011 жылы НАТО жойды, деп мәлімдеме жасады Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров. Бұл туралы РИА Новости басылымы хабарлады.

"Бұл соқыр тәуекелдің - қылмыстық, заңға қайшы тәуекелдің салдарын біз әлі күнге дейін көріп отырмыз. Ең алдымен, әрине ливиялықтар көріп отыр", - деді ол ланкалық әріптесі Динеш Гунадеварденмен өткен келіссөздер қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатында.

Бұған қоса, Лавров альянс жасаған проблеманы көптеген ел шешуге тырысып жатыр дейді. Бұл елдер қатарында Германия, Франция, Италия, Алжир, Египет, Біріккен Араб Әмірліктері, Түркия, Қатар, Ресей бар.

Таяуда Мәскеуде ливияаралық келіссөздер өтті. Тараптар аймақтағы деэскалация мүмкіндігі мен шарттарын талқылады. Дегенмен консенсусқа қол жеткізілген жоқ. Себебі бітім туралы қорытынды құжатқа барлық қатысушы қол қоймады. Нақтыласақ, Ливия ұлттық әскерінің басшысы, маршал Халифа Хафтар өз қолын қойған жоқ.

Ливиядағы жағдай

2011 жылы басшылығында Америка Құрама Штаттары мен НАТО болған халықаралық қауымдастық Ливияда операция өткізді. Оның нәтижесінде Муамар Каддафи өлтіріліп, 40 жылдан астам уақыт бойы үстемдік еткен режим құлады.

Осыдан кейін елде ашық дағдарыс басталды. Шығыста, Тобрук қаласында халық сайлаған парламент жұмыс істейді. Оны Хафтар басқаратын Ливия ұлттық әскері қолдайды. Батыста, Триполиде Біріккен Ұлттар ұйымы және Еуроодақ қолдауымен құрылған Ұлттық келісім үкіметі жұмыс істейді. Оны Файез Саррадж басқарады.

Тағы оқыңыз: АҚШ пен Иран қақтығысы: Таяу Шығыстағы ахуал не болмақ?

Қос билік және қауіпсіздік жүйесіндегі күйреу қаруланған көтерілісшілер топтары мен лаңкестік ұйымдар белсенділігінің артуына әкелді. Ливия орталықтандырылған билік пен бірыңғай әскердің жоқтығынан контрабанда орталығына және Африкадан Еуропаға баратын заңсыз мигранттардың аялдау бекетіне айналды.

2019 жылдың төртінші сәуірінде Хафтар "лаңкестерден босату" үшін Триполиге шабуыл жасай бастады. Үкіметке адал қаруланған жасақтар жауап ретінде "Ашу жанартауы" операциясының басталғаны туралы хабарлады. Соңғы бірнеше айда жүздеген адам қаза тауып, мыңдағаны жарақат алды.

Жаңалықтар
0