Саясат

Атырау әкімі отставкаға кетті

© Photo : сайт акимата Атырауской областиАтыраудың бұрынғы әкімі Әли Құттымұратұлы
Атыраудың бұрынғы әкімі Әли Құттымұратұлы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әлимұхаммед Құттымұратұлы Атырау қаласы әкімі болып 2018 жылдың 28 маусымында тағайындалған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар – Sputnik. Атырау қаласының әкімі Әлимұхаммед Құттымұратұлы өз еркімен қызметінен кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Атырау әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"14 қаңтар күні қалалық әкімдіктің мәжіліс залында өткен жиында Атырау қаласының әкімі Әлимұхаммед Құттымұратұлы әріпестеріне ризашылығын білдіріп, өз еркімен қызметінен кететінін мәлімдеді", - делінген хабарламада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от АТЫРАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ (@atyrau_qalasy_akimdigi)

Құттымұратұлы өзіне қолдау көрсеткен атыраулықтарға алғысын айтты.

"Біз қызметімізде әрқашан халықтың мүддесі мен ел және аймақ басшылығының нұсқауын басшылыққа алдық. Мен қаламызды үнемі уайымдаймын және оның өркендегенін қалаймын. Ал сіздердің табыстарыңыз бен жетістіктеріңізге шын жүректен қуанамын!", - деп жазды ол фейсбуктегі парақшасында.

Құттымұратұлының отставкаға кетуіне байланысты Атырау қаласы әкімінің уақытша міндетін орынбасары Ринат Жанғылышов атқарады.

Әлимұхаммед Құттымұратұлы Атырау қаласының әкімі болып 2018 жылдың 28 маусымында тағайындалған болатын.

Жаңалықтар
0