Аша Матай екінші сәбиін дүниеге әкелді

© YouTube / Первый канал ЕвразияАқпарат министрлігі атышулы "Қалаулым" бағдарламасын тексереді
Ақпарат министрлігі атышулы Қалаулым бағдарламасын тексереді - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақ эстрадасының өкілдері оқырмандарынан сүйінші сұраған тележүргізушіні құттықтап, ізгі тілегін жаудырды

НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар – Sputnik. Танымал тележүргізуші, әнші Аша Матай екінші сәбиін дүниеге әкелді. Бұл туралы өзі Іnstagram желісіндегі парақшасында жазды.

Тележүргізуші қыз босанғанын қуана хабарлады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Asha Matai❤❤❤❤❤KZ (@asha_matai)

"Сүйінші! Алланың қалауымен қазақ елі қазақ аруымен толықты. Бүгін біздің отбасымыз үшін ерекше күн! Арман екеуміз тағы да сәбилі болдық! Құдайға шүкір! Барлық жас жұбайларға жұғысты болсын!", - деді Аша Матай.

Қазақ эстрадасының өкілдері тележүргізушіні құттықтап, ізгі тілегін білдірді.

"Ашажан, құттықтаймыз! Өте қуаныштымыз, осындай тәтті сәттерің көп болсын", - деді әнші Баян Нұрмышева.

"Машалла, құттықтаймыз", - деп жазды әнші Қарақат Әбділдина.

"Құтты болсын! Балаларыңның бауы берік болсын", - деді режиссер Қанағат Мұстафин.

Тағы оқыңыз: Аша Матай "Қалаулымнан" кетуге неге мәжбүр болды?

Айта кетейік, Аша Матай 2015 жылы Mysterions тобының мүшесі Арман Қоңырбаевқа тұрмысқа шыққан. 2016 жылы тұңғыш сәбиін дүниеге әкелді.

Жаңалықтар
0