НҰР-СҰЛТАН, 13 қаңтар — Sputnik. Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті видеоүндеу жариялап, күдікті азаматтар туралы дер кезінде ақпарат беруге шақырды.
Бұл терактінің алдын алуға мүмкіндік береді. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Youtube-тегі жеке парақшасында "Сіздің қырағылыңыз терактінің алдын алуға мүмкіндік беруі мүмкін" деген тақырыппен видео жариялады.
Видеода қара киім киген ер адамның қала ортасында полиция көлігінің нөмірін жасырын түсірмек болған сәті көрсетілген. Кейін ол радиация белгісі бар канистрді өзімен бірге автобусқа алып кіреді.
Ал екінші кадрда ер адам қара рюкзакты қоғамдық орында тастап кетеді.
Тағы оқыңыз: Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокурорларды қылмыс үстінде ұстады
"Күдік тудырмай ма? Мүмкін, бұл туралы айту керек шығар?", - делінген роликте.
Видеоның соңында дер кезінде берілген ақпарат терроризм актісінің алдын алуға мүмкіндік беретіні жайлы айтылған.