Саясат

Тоқаев жаңадан тағайындалған Оман сұлтанын құттықтады

© AP Photo Хайсам бен Тарик Аль Саид принял присягу в качестве нового султана государства Оман
Хайсам бен Тарик Аль Саид принял присягу в качестве нового султана государства Оман - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысы Қазақстан мен Оман сұлтандығы арасындағы ынтымақтастықты әрі қарай өрістетуге дайын екенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 13 қаңтар – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Оманның жаңадан тағайындалған сұлтаны  Хайсам бен Тариқ Әл Саидті Қазақстан халқының және өзінің атынан құттықтап, жеделхат жолдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Оман сұлтандығының экономикасы қарқынды дамып, халқының әл-ауқаты артып отырған мемлекет екенін айта келе, Хайсам бен Тариқ Әл Саидтің басшылығымен Оманның одан әрі өркендеп, мерейі өсе беретініне сенім білдірді.

"Екі ел арасындағы достық пен өзара қолдауға негізделген ынтымақтастықты келешекте де халықтарымыздың игілігі үшін әрі қарай өрістету мақсатында Сізбен бірлесе күш-жігер жұмсауға дайын екенімді қуаттаймын. Сіздің аса жауапты қызметіңіз бен барлық игі бастамаларыңызға мол табыс, ал достас Оман халқына ырыс пен құт-береке тілеймін", – делінген жеделхатта.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Оман сұлтаны Қабус бен Саидтің қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдаған еді.

​Қабус бен Саидтің тікелей мұрагері болмағандықтан, басқарушы әулет кеңесі оның ізбасары ретінде 65 жастағы туысқан інісі Хайсам бен Тариқ Әл Саидті сайлады.

Оманның жаңа сұлтаны кім

Хайсам бен Тариқ Әл Саид 1954 жылдың 11 қазанында туған.

1986 жылдан сыртқы істер министрлігінде түрлі қызметтер атқарды, бас хатшы да болып істеді.

2002 жылдан мәдениет және мұра министрі болды, бұдан бөлек Оманның 2040 жылға дейінгі экономикалық дамуы бағдарламасына жетекшілік етті.

Жаңалықтар
0