НҰР-СҰЛТАН, 13 қаңтар — Sputnik. Қазақстандық танымал әнші Бақыт Шадаева 50 жасқа толған мерейтойын дүркіретіп атап өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
12 қаңтар күні әнші 50 жасқа толды. Бақыт Шадаева туған күнін кеше Алматыдағы мейрамханалардың бірінде қазақстандық шоу бизнес өкілдерімен бірге атап атап өткен.
Тағы оқыңыз: Адамның туған күні мен қауіпті аурудың күтпеген байланысы анықталды
Қонақтардың арасында Меруерт Түсіпбаева, Абай Бегей, Мақпал Жүнісова, Толқын Забирова, Нағима Есқалиева, Гүлнәр Дұсматова, The Jigits тобының мүшесі Батыржан Тазабеков бар.
Әнші Instagram әлеуметтік желіcіндегі жеке парақшасында туған күні Қазақстан коммунистік партиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаевтың туған күнімен сәйкес келетінін қуанышпен жеткізді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев өнерімнің басында маған батасын берген, құрметімнің биік төрінде. Бір күні туғаныма бақыттымын", - деп жазды ол.
Сонымен қатар Бақыт Шадаеваны қазақ эстрадасының әншілері туған күнімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. "Бақыт!! Бақытты бола берші!!!", - дейді Меруерт Түсіпбаева.
Олардың арасында Мақпал Жүнісова да болды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Әнші туған күнінде қонақтармен бірге көңіл көтеріп, би биледі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram