Қоғам

Алматы түбіндегі апат: ұшақтың "қара жәшігіндегі" жазбалар оқылды

© Photo : КЧС МВД РКФото с места крушения самолета "Бек Эйр"
Фото с места крушения самолета Бек Эйр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тергеуге апатқа ұшыраған әуе кемесі жасалған Нидерланд елінің кеңесшілері мен сенімді уәкілдері қатысып отыр

АЛМАТЫ, 13 қаңтар — Sputnik. Мемлекетаралық авиациялық комитет өткен жылдың соңында Алматы түбінде құлаған "Бек Эйр" ұшағының өздігінен жазатын құралындағы жазбаларды оқыды.

"Комитеттің ғылыми-техникалық орталығында ұшақтың өздігінен жазатын құралындағы жазбалар оқылды. Барлық ақпарат тергеу комиссиясына берілді. Ақпараттың алдын ала сараптамасы оқиғаның хронологиясы мен апаттың негізгі нұсқасын анықтауға жағдай жасады", - деп жазылған хабарламада.

Тергеуге әуе кемесі жасалған Нидерланд елінің кеңесшілері мен сенімді уәкілдері қатысып отыр.

Айта кетсек, бұған дейін ұшқыштар сөзінің жазбасына сүйеніп, премьер-министр орынбасары Роман Скляр апаттың негізгі себебін атаған болатын. Оның айтуынша, ұшақ сыртына мұздың қатып қалуы – негізгі себеп. Әуе кемесі тұрақта екі тәулік тұрған.

Тағы оқыңыз: "Керек емес. Не істеп жатырсың?": Bek Air ұшқыштарының әңгімесі жарияланды

Өздігінен жазатын құралындағы жазбалар Нидерланд елінің сенімді уәкіліне берілді.

"Комиссия шешіміне сәйкес, ұшуды математикалық модельдеу жұмысы басталды. Ол әуе кемесінің апаттық ұшу кезіндегі аэродинамикалық сипаттамасын анықтауға жағдай жасайды. Экипаж әрекеті мен ұшақтың қозғалыс параметрлері зерттеледі", - делінген хабарламада.

Модельдеу жұмысын мемлекетаралық авиациялық комитет сарапшылары Нидерланд, Қазақстан және EASA мамандарымен бірлесе жүргізеді.

Мемлекетаралық авиациялық комитеттің бас директоры Виктор Сороченко ұшақ апатының себебін тергеуге бір жылдан астам уақыт кететінін мәлімдеген болатын.

Алматы түбіндегі ұшақ апаты

Ұшақ апаты 2019 жылдың 27 желтоқсанында таңғы сағат жетіде болды. Bek Air әуе компаниясының "Алматы – Нұр-Сұлтан" бағытындағы Fokker 100 ұшағы Алматы маңына құлады.

Ұшақта 93 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған. Апат 12 адамның өмірін қиды, қаза болғандардың ішінде ұшақ командирі бар. Екінші ұшқыш жансақтау бөліміне түскен.

Ішкі істер министрлігі әуе апатына себеп болған үш жағдайды атады. Олар: экипаж қателігі, техникалық ақау және навигациялық қызмет жұмысы.

Президент тапсырмасымен премьер-министр жетекшілік ететін комиссия құрылды. Тоқаев апаттың себебін анықтап, кінәлілерді қатаң жазалауды тапсырды. 28 желтоқсан елімізде жалпыұлттық аза тұту күні болды.

Жаңалықтар
0