Қоғам

Ғалымдар шайдың ешкім күтпеген пайдасын анықтады

Жазылу
Зерттеу жұмысына жүз мыңнан аса адам қатысқан, қытайлық ғалымдар пациенттерді жеті жыл бойы бақылаған

НҰР-СҰЛТАН, 12 қаңтар – Sputnik. Шайды күнде ішу атеросклероз бен жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алуға септігін тигізеді. Сондай-ақ өмір сүру ұзақтығын арттырады.

Бұл туралы Қытай ғалымдарының зерттеуінде айтылған, деп хабарлайды iz.ru.

Зерттеу 1998 жылы басталған China-PAR (Prediction for atherosclerotic cardiovascular disease risk in China) жобасы аясында жүргізілді. Оның негізгі мақсаты – жүрек-қан тамырлары ауруларының даму тәуекелдерін зерделеу.

Мамандар халық арасында шайға қатысты сауалнама жүргізді. Сондай-ақ пациенттердің ауру тарихы мен өлімі туралы куәліктерін зерттеді.

Зерттеу жұмысына барлығы 100 мыңнан астам адам қатысты. Ғалымдар пациенттерді 7,3 жыл бойы бақылаған.

Тағы оқыңыз: Құрма бүкіл адамға пайдалы емес – кімдерге жеуге болмайды?

Нәтижесінде шайды жақсы көретіндер, бұл сусынды мүлде ішпегендерге қарағанда, атеросклероз және жүрек-қан тамырлары ауруларына орташа есеппен 1,41 жылға кеш шалдыққаны анықталды.

Бұдан бөлек, шайды үнемі ішкен 50 жастан асқан адамдар, сирек ішкендермен салыстырғанда, орта есеппен 1,26 жылға ұзақ өмір сүрген.

Жаңалықтар
0