Саясат

Иран өз кінәсін мойындады: Тоқаев желіде жазба қалдырды

© Sputnik / Алексей Никольский / Медиабанкке өтуҚазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысы бейбіт азаматтардың қауіпсіздігі үшін шиеленіске қатысушы барлық тарап ұстамдылық танытуы қажет деп санайды

НҰР-СҰЛТАН, 12 қаңтар – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Иранның әуе апаты үшін өз кінәсін мойындауы маңызды шешім екенін атап өтті.

"Иран билігінің бірқатар мемлекет азаматтарының өмірін қиған әуе апаты үшін өз кінәсін мойындауы маңызды шешім болды. Бейбіт азаматтарды да құрбан қылатын шиеленісті бәсеңдету үшін, қалыптасып отырған жағдайда барлық тараптар ұстамдылық танытуы керек", - деп жазды президент твиттерде.

Украиналық "Боинг" ұшағының апатқа ұшырауы

2 қаңтарда Бағдад әуежайына бірнеше зымыран соққысы жасалды. Шабуыл салдарынан Иран Ислам революциясы сақшылары корпусы "Кудс" арнайы бөлімшесінің басшысы, генерал Касем Сулеймани және Ирактың "Аль-Хашд аш-Шааби" шейіт жасағының бірқатар жоғары лауазымды мүшесі қаза тапты.

Шабуыл үшін жауапкершілікті АҚШ өзіне алды. Иран өз кезегінде генерал Сулеймани өлімі үшін АҚШ-тан кек қайтарамыз деп уәде берді.

Тағы оқыңыз: Қаза болған стюардессаның соңғы жазбасы: "Жұмыс, мен сені жақсы көремін"  

8 қаңтарда Ислам революциясы сақшылары корпусы Сулеймани өліміне жауап ретінде Ирак аумағында орналасқан Америка Құрама Штаттарының "Айн-аль-Асад" әуе базасы мен Эрбиль әуежайына зымыран соққысын жасады.

Дәл сол күні таңертең Тегеран әуежайынан ұшып шыққан украиналық Boeing 737-800 лайнері апатқа ұшырады. Ұшақ бортында болған 176 адам – 167 жолаушы мен 9 экипаж мүшесі қаза тапты. Экипаж мүшелерінің барлығы украиналықтар болған, ал жолаушылар арасында Иран, Украина, Канада, Германия, Швеция және Ауғанстан азаматтары болды.

Алғашқыда ұшақтың құлауына техникалық ақау себеп болды деген болжам айтылды.

Алайда 11 қаңтарда ресми Тегеран Украина ұшағын зымыранмен байқамай атып түсіргенін мойындады.

Жаңалықтар
0