Өңірлер

Алматыда инспекторлардың жол үстінде ұсталған сәті видеоға түсірілді

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуАвтомобили на дороге
Автомобили на дороге  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Инспекторлар жүк тасымалдаушылардан қала аумағы арқылы кедергісіз жүргені үшін пара алды деген күдікке ілінді

НҰР-СҰЛТАН, 11 қаңтар – Sputnik. Алматы қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлері сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

Тағы оқыңыз: Ақтөбе облысында сот төрағасы ұсталды

Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі көліктік бақылау инспекциясының маманы мен жетекші маманына қатысты бірнеше рет пара алды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @anticorruption.kz (@anticorruption.kazakhstan)

"Алматы қаласының аумағы арқылы жүк көліктерінің кедергісіз жүргені үшін маман делдал арқылы 200 мың теңге, ал сол бөлімшенің жетекші маманы 270 мың теңге жүк тасымалдаушылардан пара алды деген күдікке ілінді", - делінген хабарламада.

Тергеу жалғасып жатыр.

Жаңалықтар
0