Әлем

"Джекпот ұтып алғандаймын": жас әйел бір жылда екі рет егіз босанды

© Photo : pixabay.comБалалар
Балалар  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Америкалық келіншек тұңғыш егіз ұлын 2019 жылдың наурызында өмірге әкелген, ал мамырда тағы да аяғы ауыр екенін білген

НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар – Sputnik. АҚШ Флорида штатының Уэст-Палм-Бич қаласында тұратын Александрия Уоллистон бір жылдың ішінде екі рет егіз босанды. Енді әйелдің төрт ұлы бар.

Тұңғыш егіз ұлын 2019 жылдың наурызында өмірге әкелген. Ал мамыр айында келіншек тағы да аяғы ауыр екенін біледі. Дәрігерлер Александрияға егіз күтіп жүргенін айтқан. Осылайша 2019 жылдың 27 желтоқсанында тағы да егіз ұл босанған, деп хабарлайды WTVR телеарнасы.

Александрияның айтуынша, оның марқұм екі әжесінің де босану кезінде егіз сәбилері шетінеп кеткен. Жас ана төрт ұлын апаларының сыйы деп есептейді.  

Әйелдің төрт ұлдан бөлек үш жасар қызы да бар. Америкалық келіншек қызының тынымсыз екенін айтады.

Тағы оқыңыз: Балаға берілетін жәрдемақы 2020: кімге, қалай және қанша төленеді?

"Өте белсенді қыз. Құдды бір емес, екі қыз тәрбиелеп отырған сияқтымын. Енді лотереядан джекпот ұтып алғандай сезімде отырмын", - деп әзілдеді әйел.

Жаңалықтар
0