НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар - Sputnik. Өзбек актрисасы Ситора Фармонова ұятсыз сериялары бар фильмге түсуден бас тартқанын айтты. Оған бұл рөлі үшін 700 мың доллар ұсынған, деп хабарлайды Zamin.
" 2008 жылы маған Голливудтан ұсыныс тсті. Sony Entertaiment Production ресейлік арнамен бірге сериал түсіруді жоспарлаған. Олар рөл үшін 700 мың доллар төлеуге әзір еді. Алайда 50-ші сериядан бастап ұятсыз сахналар басталады. Мен бас тартым ", - деді Ситора.
Оның айтуынша, 350 сериялы фильмге түсу үшін актрисаға дублер де ұсынылған. Алайда ол бұл жолы да фильмнен бас тартты. Қанша ақша төлесе де, мұндай жобаларға қатыспайтынын айтады.

Өзбек актрисасы Ситора Фармонова
© Sputnik
2019 жылдың ақпан айында актриса Instagram әлеуметтік желісіндегі оқырмандарынан жеке өмірі туралы сұрақ қоймауды өтініпті.
