Әлем

Украина ұшағын зымыран атып түсіруі мүмкін: желіде видео жарияланды

© AFP 2022 / -Украинский лайнер со 180 пассажирами рухнул у тегеранского аэропорта. Фото с места трагедии
Украинский лайнер со 180 пассажирами рухнул у тегеранского аэропорта. Фото с места трагедии - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Yandex newsTelegram
Зымыранның нысананы атқан сәті түскен кадрлар америкалық New York Times басылымында жария болды

НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар – Sputnik. Америкалық New York Times газетінің хабарлауынша, әлеуметтік желіде 19 секундтық видео пайда болды. Онда Тегеран әуежайы маңында Украина әуе компаниясының Boeing лайнерін зымыран атып түскен сәт бейнеленген деген болжам бар.

Бұған дейін "Украина халықаралық авиалиниялары" ұшағын зениттік зымыран атып түсірді деген болжамды Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесі айтқан болатын.

Нақтыласақ, Цензор.нет порталының шеф-редакторы Юрий Бутусов Украина ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Алексей Даниловке сілтеме жасап, мамандар әуе апатының төрт себебін қарастырып отырғанын айтты.

  • лайнерді зениттік зымыранның атып түсіруі;
  • ұшқышсыз ұшу аппараты немесе басқа ұшу объектісімен соғылуы;
  • техникалық себептерге байланысты қозғалтқыштың бұзылып, жарылуы;
  • лаңкестік акт салдарынан жарылыстың ұшақтың ішінде болуы.

Бұнымен қоса, 9 қаңтарда елде қаралы күн жариялаған Украина президенті Владимир Зеленский тергеу жұмыстары аяқталғанға дейін түрлі болжам айтпауға бірнеше рет шақырған еді.

Ирандағы ұшақ апаты

Сәрсенбі, 8 қаңтар күні "Украина халықаралық авиалиниялары" әуе компаниясының Boeing лайнері Тегеран әуежайында апатқа ұшырады.

Бортта 167 жолаушы мен тоғыз экипаж мүшесі болған. Олардың бәрі қаза тапты.

Украина және Иран билігі, "Украина халықаралық авиалиниялары" мен Boeing компаниялары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Жаңалықтар
0