Мәдениет

Бір спектакльдегі екі "Онегин": Вахтангов театры астаналықтарды таңғалдырды

© Sputnik / Владимир Федоренко / Медиабанкке өтуСергей Маковецкий (Евгений Онегин ) в сцене из спектакля "Евгений Онегин"
Сергей Маковецкий (Евгений Онегин ) в сцене из спектакля Евгений Онегин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нұр-Сұлтандағы көрермендер аты аңызға айналған қойылымдарды қалай қабылдағанын Sputnik Қазақстан мақаласынан оқыңыз

НҰР-СҰЛТАН, 9 қаңтар – Sputnik. Евгений Вахтангов атындағы Мәскеу мемлекеттік академиялық театрының астаналық гастролдерінің бірінші бөлімі аяқталуға жақын. 8 және 9 қаңтарда Нұр-Сұлтанда көркемдік жетекші Римас Туминастың қойылымындағы "Евгений Онегин" спектаклі елордалық көрермендердің назарына ұсынылды, алда тағы екі қойылым бар: "Дядя Ваня" – 10 және 11 қаңтар.

Сергей Маковецкий мен театрдың басқа да әртістері Нұр-Султандағы баспасөз конференциясында көрермендер мен журналистердің сұрақтарына жауап берді.

"Онегин" бастапқы қалпында

Елордалық көрермендер, әртістердің айтуынша, "Евгений Онегинді" жақсы қабылдады – спектакль аншлагпен өтті.

© Sputnik / Абзал Калиев Вахтангов атындағы театрдың директоры Кирилл Крок
Бір спектакльдегі екі Онегин: Вахтангов театры астаналықтарды таңғалдырды - Sputnik Қазақстан
Вахтангов атындағы театрдың директоры Кирилл Крок

Вахтангов атындағы театрдың директоры Кирилл Крок айтқандай, астаналықтар қойылымды мәскеулік көрерменмен тең жағдайда көре алды.

"Мұнда декорациялар, костюмдер, реквизит екі үлкен жүк көлігімен әкелінді. Қандай да бір техникалық қиындықтар болған жоқ, өйткені "Астана Опера" театры жақсы жабдықталған", - деп атап өтті Крок.

Оның айтуынша, гастроль кезінде театрға көбінесе қосымша жарық және дыбыстық жабдықтарды алып келуге тура келеді, өйткені ол спектакль қойылатын жерде болмауы мүмкін.

© Sputnik / Владимир Федоренко / Медиабанкке өту"Евгений Онегин" қойылымы
Бір спектакльдегі екі Онегин: Вахтангов театры астаналықтарды таңғалдырды - Sputnik Қазақстан
"Евгений Онегин" қойылымы

"Астана Операда" жарық және дыбыс жағынан техникалық райдер біздің талаптарға сәйкес келді", - деп атап өтті Крок.

Қойылымдардағы басты рөлдерді театр және кино актерлері  Сергей Маковецкий, Леонид Бичевин, Ольга Лерман, Людмила Максакова, Ирина Купченко, Артур Иванов, Олег Макаров, Николай Романовский, Мария Волкова, Наталья Винокурова және Юрий Шлыков сомдап жүр. Труппа Нұр-Сұлтанға толық құрамда келді.

Тағы оқыңыз: Ақтөбе облыстық драма театрына жаңа басшы келді

"Дядя Ваня" спектаклі 2009 жылдан бастап, "Онегин"  2013 жылдан бері қойылып келеді. Қойылымдарға 10 жыл уақыт болса да, әлі күнге аншлагпен өтіп жатқанына өзім де таңғаламын", - деп ағынан жарылды Евгенийдің рөлін сомдаушы Сергей Маковецкий.

© Sputnik / Абзал КалиевЕвгений Онегин рөлін сомдаушы Сергей Маковецкий (ортада)
Бір спектакльдегі екі Онегин: Вахтангов театры астаналықтарды таңғалдырды - Sputnik Қазақстан
Евгений Онегин рөлін сомдаушы Сергей Маковецкий (ортада)

"Евгений Онегин" - астаналық театр сахналап жүрген типтік опера қойылымы. "Жас Онегин" рөлін сомдайтын Леонид Бичевин Пушкиннің өлмес туындысы драма көрсете алатынын айтады.

"Римас әкелген жаңашылдықтың ең қызықтысы – екі Онегин: қарт және жас. Драматургия тұрғысынан бұл өте керемет және ойластырылып жасалған. Мұнда Онегин өзінің бүкіл өмірін паш етеді. Оның жаны қартаяды, қарт адамға айналады, бірақ бұл жан мен кейіпкер үнемі орын алмастырып отырады. Оның ғашығы пайда болған кезде, ол қайта жасарғандай көрінеді", - деп мысал келтірді Бичевин.

© Sputnik / Абзал Калиев"Жас Онегинді" сомдаушы Леонид Бичевин
Бір спектакльдегі екі Онегин: Вахтангов театры астаналықтарды таңғалдырды - Sputnik Қазақстан
"Жас Онегинді" сомдаушы Леонид Бичевин

Драманың басты кейіпкері – Татьяна Ларина.

Кейіпкер әйел де екі образды бірден ұсынады. Татьянаның рөлін жас актриса Ольга Лерман сомдайды.

"Маған бұл рөл қатты ұнайды. Мен Вахтангов театрында осындай керемет әртістермен бірге жұмыс істейтін бақытты адаммын. Күн сайын спектакльге барғанда бір нәрседен шабыт аламын. Бүгін "орманды" (Нұр-Сұлтандағы ғашықтар саябағы – Sputnik) аралап шығып, шабыттандым. Қыс өте шынайы. Пушкиннің жазғанындай", - деп актриса өз эмоциясымен бөлісті.

Жаңалықтар
0