НҰР-СҰЛТАН, 8 қаңтар — Sputnik. Қазақстан мен Ресей Жайық өзенінің гидрологиялық режимін зерттеу үшін сарапшылардың бірлескен тобын құрайды.
Мұндай ұсынысты Ресейге жұмыс сапарымен барған Қазақстанның экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев айтты, деп жазылған ведомствоның Facebook-тегі парақшасында.
Ол Ресейдің табиғи ресурстар және экология министрі Дмитрий Кобылкинмен кездесу барысында Жайық өзені бассейнінің экожүйесін жақсарту бағдарламасын құру мәселесін де талқылады. Каспий итбалығы мен киіктердің популяциясын сақтау жайлы да сөз болды.
"Біздің ведомстволар арасында жұмыс тобын құру қажет. Ол Жайық өзенінің заманауи гидрологиялық режимін зерттеп, тиісті техникалық тапсырма әзірлеуі керек. 2020 жылдың наурыз айында сарапшылар іске кірісе алады", - деді Мағзұм Мырзағалиев.
Тағы оқыңыз: Арал маңындағы қала әлемдегі ең қорқынышты жерлердің бірі деп танылды
Министр тараптар топ құрамына енетін адамдардың тізімін жасауы керек екенін атап өтті.