Оқиға

Қостанайда екі жігіт кредитін жауып, жаңа жыл тойлау үшін қылмысқа барды

© Sputnik / Сергей Гунеев / Медиабанкке өтуСоставление фоторобота человека, подозреваемого в совершении правонарушения или преступления, архивное фото
Составление фоторобота человека, подозреваемого в совершении правонарушения или преступления, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қылмыскерлер бетперде кигендіктен жәбірленуші оларды полицияға сипаттай алмаған екен

НҰР-СҰЛТАН, 8 қаңтар – Sputnik. Қостанайда кәсіпкердің екі жарым миллион теңгесі ұрланды. Қылмыс 2019 жылдың 29 желтоқсанында жасалды, деп хабарлайды Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Шамамен сағат 18.30-да Складская көшесінде белгісіз екі адам кәсіпкерге шабуыл жасады. Олар көзден жас ағызатын газды шашып, бизнесменнің қолынан ақшаға толы пакетті жұлып әкеткен.

Пакет жыртылып, одан үш миллион теңге жерге түсіп қалған. Дегенмен ұрылар екі жарым миллион теңгені өздерімен бірге алып кеткен. Олар оқиға орнынан шұғыл жасырыныпты.

Тағы оқыңыз: Әйелдің Жаңа жыл түнінде жасаған сұмдық қылмысы әшкере болды

Қылмысты ашуды қиындатқан жағдай – шабуыл жасаған адамдардың бетперде киюі. Сондықтан жәбірленуші оларды полицияға сипаттай алмапты.

"Солтүстік" полиция бөлімшесі қылмысты ашу үшін жедел тергеу тобын құрды. Оны қылмыстық іздестіру қызметінің басшысы, полиция капитаны Аян Шаяхметов басқарды.

"Біз жедел шаралар өткізіп, 31 желтоқсан күні қылмыс жасады деген күдікке іліккендерді ұстадық. Олар 32 және 33 жастағы облыс орталығының тұрғындары болып шықты. Ұрылар Тобыл қаласында ұсталды. Ақшасының бір бөлігін ғана тәркіледік. Себебі олар кредиттерін жауып, тағы біраз ақшаны жаңа жылға жұмсап үлгерген екен", - деп әңгімеледі тәртіп сақшысы.

Қазір олар қамауға алынды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтар
0