Әлем

Ирандағы ұшақ апаты: әуе компаниясының басшысы жылап жіберді - видео

© REUTERS / Andras SoosУкраинский самолет Boeing 737- 800, архивное фото
Украинский самолет Boeing 737- 800, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Халықаралық Украина әуе жолдары компаниясы Иранға ұшақ ұшырмайтын болды. Бұл шектеудің қашанға дейін созылатыны белгісіз. Ал Украинаның бас прокуратурасы Ирандағы ұшақ апатынан соң, қылмыстық іс қозғады

НҰР-СҰЛТАН, 8 қаңтар — Sputnik. Халықаралық Украина әуе жолдары компаниясының президенті Евгений Дыхне әуе апатынан қаза тапқандар туралы айтқан кезде еріксіз көзіне жас алды. Видео RT-ның Telegram каналында жарияланды.

"Бұл біздің ең күшті ұшақтарымыздың бірі еді. Онда керемет, сенімді экипаж жұмыс істеді. 9 экипаж мүшесі...", - деді компания басшысы Бориспольде өткен баспасөз мәслихатында.

Осы сәтте Евгений Дыхне еріксіз көзіне жас алып, жылап жіберді. Ол өз-өзіне келу үшін 1 секунд уақыт беруді сұрады.

Кейін компания басшысы Иранға ұшу тоқтатылатынын хабарлап, бұл шектеудің қашан алынатынын нақтылаған жоқ.

Алайда әуе компаниясы Facebook желісінде елдің құзырлы органымен бірігіп, ұшақ апатының себебін анықтау үшін бар күшін салатынын жеткізді.

Сондай-ақ халықаралық Украина әуе жолдары апаттан қаза тапқан жолаушылардың туған-туыстарына хабарласып, оларға тиісті көмек көрсетілетінін атап өтті.

"Әуе компания ұшақ апатынан қаза тапқан жолаушылардың отбасыларына қайғырып, көңіл айтады. Сондай-ақ апаттан көз жұмған жолаушылардың туыстарына тиісті көмек көрсетіледі", - делінген хабарламада.

Ирандағы ұшақ апаты

8 қаңтарда Имам Хомейни атындағы Тегеран халықаралық әуежайының маңында украиналық Boeing 737 ұшағы апатқа ұшырады. Соңғы ақпаратқа сәйкес, бортта 176 адам отырған. Оның тоғызы экипаж мүшесі. Ұшақта болғандардың бәрі көз жұмды.

Сыртқы істер министрлігі қаза болғандардың арасында қазақстандықтар жоқ екенін мәлімдеді.

Жаңалықтар
0