НҰР-СҰЛТАН, 7 қаңтар — Sputnik. Белгілі голливудтық кинопродюсер Харви Вайнштейнге Нью-Йорк соты екі адамды зорлады деген айып тағып отыр. Мұнымен қоса оған қатысты іс Лос-Анджелес қаласында да қаралады.
Вайнштейннің Нью-Йорктегі қонақүйде 2013 жылы әйелді зорлағаны айтылып отыр. 2006 жылы өзінің пәтерінде тағы бір әйелге тиіскен. Продюсерге қатысты іс Калифорния сотында да қаралып жатыр.
Америкалық бұқаралық ақпарат құралдарының ақпаратына сәйкес, актрисалар Розанна Аркетт пен Роуз Макгоуэн сот ғимаратының алдында баспасөз мәслихатын өткізіп, продюсерді қатаң жазалауды талап еткен.
Продюсердің адвокаттары арқасының жарақатына байланысты оған медициналық көмек қажет екенін айтты. Бұған дейін Лос-Анджелес прокуратурасы продюсерге жаңа айып таққан болатын. Прокуратура өкілі 8 іс қаралып жатқанын хабарлады.