Қоғам

Еліміздің ажырамас бөлігі: Тоқаев православ христиандарын Рождествомен құттықтады

© Sputnik / Тимур БатыршинРождественская служба в Свято-Вознесенском соборе
Рождественская служба в Свято-Вознесенском соборе - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тоқаев барлық православ христиандарына амандық және бақ-береке тілеп, елімізде әрдайым бейбітшілік пен бірлік болсын деді

НҰР-СҰЛТАН, 7 қаңтар — Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады.

«Тарихы көне ғасырлардан бастау алатын бұл мейрам азаматтарды адамгершілік, мейірімділік және бауырмалдық сияқты мәңгілік құндылықтардың қадір-қасиетін терең ұғынуға шақырады», - делінген Ақорда сайтында жарияланған құттықтауда.

Қазақстан президентінің айтуынша, конфессияаралық келісім – мемлекетіміздің табысты дамуының маңызды факторларының бірі.

Тағы оқыңыз: Православ христиандары Рождество мерекесін атап өтуде

«Біз елімізді мызғымас береке-бірліктің рухына сәйкес өркендетіп, болашаққа нық қадам басып келеміз. Қазақстан қоғамының ажырамас бөлігі саналатын православ христиандары тәуелсіздігімізді нығайтуға мол үлес қосуда. Біз халқымыздың әл-ауқатын арттыру үшін бірге қажырлы еңбек ете береміз», - деді президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев барлық православ христиандарына амандық және бақ-береке тілеп, елімізде әрдайым бейбітшілік пен бірлік болсын деді. 

Жаңалықтар
0