Қоғам

Православ христиандары Рождество мерекесін атап өтуде

© Sputnik / Тимур БатыршинРождественская служба в Свято-Вознесенском соборе
Рождественская служба в Свято-Вознесенском соборе - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қаңтардың 6-нан 7-сіне қараған түні еліміздегі барлық шіркеуде құлшылық шаралары басталды

НҰР-СҰЛТАН, 7 қаңтар – Sputnik. Бүгін әлемнің православ христиандары Рождество мейрамын атап өтуде, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қаңтардың 6-нан 7-сіне қараған түні еліміздегі барлық шіркеуде құлшылық шаралары басталды.

Православ христиандары бұл күні таң бозарып атқаннан кешке дейін ас-судан бас тартады.

Сондай-ақ, олар бұл мерекеде бір-біріне тәтті тағамдар ұсынып, түрлі сыйлық жасайды.

Тағы оқыңыз: Қазақстандықтар 2020 жылы қанша күн демалады?

Қазақстанның еңбек кодексіне сәйкес, 2005 жылы православ Рождествосы мемлекетімізде демалыс күні болып жарияланды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, еліміз адамды мейірімділікке шақыратын, сүйіспеншілік пен рақымшылыққа баулитын барлық дінге бірдей құрметпен қарайды.

"Сондықтан Рождество мен Құрбан айт мейрамы бізде демалыс күндері болып саналады", - дейді Қазақстанның тұңғыш президенті.

Рождество мерекесінің тарихы

Рождество – Иса пайғамбардың (Иисус Христос) туған күні. Бұл – христиандардың басты мейрамдарының бірі.

Інжіл бойынша, бұл күні Вифлеем қалашығында "Құдайдың ұлы" Иисус Христос дүниеге келген.

Христиан шіркеуі Митра Рождество мерекесін 4-ғасырдың ортасында "Күн құдайы" сенімін ығыстыру үшін енгізді.

Алғашқылардың бірі болып Рождествоны Рим халқы тойлады. Римдіктер үшін бұл мейрам Жаңа жыл іспеттес болды.

Тағы оқыңыз: Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 7 қаңтар

Діни мерекені кейбір мемлекет григориан күнтізбесі бойынша желтоқсан айының соңында тойласа, кейбір ел юлиан күнтізбесі бойынша атап өтеді.

Яғни, католиктер Рождествоны 25 желтоқсанда, православ христиандары 7 қаңтарда мерекелейді.

Бұл күні адамдар шіркеуге барып, дұға оқып, жарық жұлдыздың көрінуін күтеді.

Сиқырға толы бұл түнде барша христиан халқы бір-бірін құттықтап, жылы сөздері мен игі тілектерін аямайды.

Жаңалықтар
0