"Ерсі көрініс": танымал әншінің киімі жұрттың сынына ұшырады

© Photo : Pixabay / Rudy and Peter SkitteriansМикрофон, сцена, иллюстративное фото
Микрофон, сцена, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Yandex newsTelegram
Әртіс концертіне бір сағат қалғанда желіге суретін жүктеген. Оның бұл фотосы бірден қызу талқылана бастады

НҰР-СҰЛТАН, 6 қаңтар – Sputnik. Танымал ресейлік әнші Валерияның киімі Instagram қолданушыларының ашуына тиді, деп хабарлайды РИА Новости.

Эстрада жұлдызы бұл киімді Воронеж қаласындағы концертіне бір сағат қалғанда киіпті. Алайда әншінің жаңа стилі оқырмандарының көңілінен шыға қоймады.

View this post on Instagram

A post shared by VALERIYA (@valeriya) on

"Киімді өте орынсыз киіпсіз. Бұл киім клоунға арналған шығар. Тура айтқаным үшін кешіріңіз", - деп жазды желі қолданушыларының бірі.

Валерия да өз пікірін ашық білдірді.

"Сіздің "беделді" пікіріңізді жоғары бағалаймын. Тура айтқаным үшін мені кешіріңіз", - деді әнші.

"Не деген ерсі көрініс, Валерия", - дейді тағы бір қолданушы. Ал өзгелері әншіге кеңес беруге асықты.

"Валерия, сіз маған қатты ұнайсыз. Бірақ сізден өтініп сұраймын, басқа стилистпен жұмыс істеңізші. Менің ойымша, сізге мұндай костюмның ұнауы мүмкін емес. Бұл тек сіздің талғамыңыз жоқ екенін көрсетеді", - дейді желі қолданушысы.

Тағы оқыңыз: "Маған оны көрсетпеңдер дедім": Гүлзира Айдарбекова келіні туралы сұраққа жауап берді

Алайда Валерияның кейбір оқырмандары оған бұл костюмның жарасатынын атап өтті.

Жаңалықтар
0