НҰР-СҰЛТАН, 6 қаңтар - Sputnik. Өзбекстанның екі акробаты Нидерланд елінің астанасында өнер көрсету кезінде он метрлік биіктіктен құлады, деп хабарлайды NL Times.
Producent Wereldkerstcircus: 'Acrobaten waren godzijdank beiden aanspreekbaar'https://t.co/WM9M9LjYtl pic.twitter.com/ZWkjudsBmH
— AT5 (@AT5) 3 января 2020 г.
Оқиға Корольдік театрде болған. Куәгердің айтуынша, ер адам әйелді бір қолымен ұстап екіншісін босатқан кезде әртіс әйел құлап кеткен. Ер адам үстіне құлады.
"Ол арқасымен құлады. Қозғалған жоқ. Ал ер адамның қозғалғанын көрдім", – деді көрермен.
Sky Angels дуэтінің акробаттары сақтандырусыз өнер көрсеткен. Бұл олардың нөмірінің басты артықшылығы болатын.
Тағы оқыңыз: Бурабайда 125 метр биіктіктен секірген спортшы Назарбаевтың көз алдында құлады
Көрермендер әртістердің құлауын шоудың бөлігі деп ойлаған. Алайда кейін залдағы адамдар айқайлай бастады. Бірер минуттан соң жүргізуші шоудың аяқталғанын хабарлап, көрермендердің залдан шығуын өтінді.
Әртістердің екеуінің де жағдайы ауыр.