Қоғам

Күн тағы да суытады: синоптиктер ауа райына болжам жасады

© Sputnik / Григорий Сысоев / Медиабанкке өтуДалада қар жауып тұр, ер адам
Далада қар жауып тұр, ер адам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Синоптиктердің болжамынша, алдағы үш күнде республиканың басым бөлігінде қар жауып, бұрқасындатады, көктайғақ болады

НҰР-СҰЛТАН, 6 қаңтар – Sputnik. Қазгидромет 7-9 қаңтардағы ауа райына болжам ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қазақстанның оңтүстік облыстарында циклон әсерінен жауын-шашын, негізінен, жабысқақ қар, тұман, көктайғақ күтіледі. Ауа температурасы аздап төмендейді.

Ал республиканың қалған аумағы Ресейдің еуропалық бөлігінен ығысатын атмосфералық ағымдардың ықпалында болады. Соған байланысты кей жерлерде қар жауып, бұрқасындатады, батыстан екпінді жел соғады, ауа температурасы төмендейді деп болжанып отыр.

"Күннің суытуына қарамастан, ауа температурасы климаттық нормадан жоғары болады. Тек оңтүстік пен шығыста орташа климаттық нормаға жақын температура күтіледі", - делінген хабарламада.​

Ірі мегаполистердегі ауа райы

Нұр-Сұлтан

  • 7 қаңтарда күн бұлтты, аздаған қар жауады. Түнде -6℃, күндіз -7℃.
  • 8 қаңтарда күн бұлыңғыр, аздаған қар жауады. Түнде -9℃, күндіз -8℃.
  • 9 қаңтарда да күн бұлтты. Түнде -13℃, күндіз -9℃.

Тағы оқыңыз: Синоптиктер қазақстандықтарды қандай қыс күтіп тұрғанын айтты

Алматы

  • 7 қаңтарда күн ала бұлтты, түнде -3℃, күндіз 0℃.
  • 8 қаңтарда күн бұлыңғыр, түнде -4℃, күндіз -2℃.
  • 9 қаңтарда күн бұлтты, аздаған қар жауады. Түнде -5℃, күндіз -5℃.

Шымкент

  • 7 қаңтарда күн бұлыңғыр, аздаған қар жауады. Түнде -1℃, күндіз 0℃.
  • 8 қаңтарда күн бұлтты, аздаған қар жауады. Түнде -3℃, күндіз -4℃.
  • 9 қаңтарда күн ала бұлтты, түнде -7℃, күндіз +2℃.
Жаңалықтар
0