Оқиға

Нұр-Сұлтанды шулатқан "қара" кортеж: халықтың ашуына тиген жігіт кешірім сұрады

© Photo : CC0 / Dariusz Sankowski Внедорожник
Внедорожник - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Осыған дейін әлеуметтік желіде астанадағы KIA көлігі жүргізушісінің видеосы тараған болатын. Онда тұрғынның заңды бұзғанын анық көруге болады

НҰР-СҰЛТАН, 6 қаңтар – Sputnik. Жол ережесін бұзған барлық жүргізуші анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы астаналық полиция департаменті хабарлады.

Елордадағы кортеждің құрамында болған KIA көлігінің жүргізушісі Ташбулатхон Мубараков видеоүндеу арқылы қала тұрғындарынан кешірім сұрады.

View this post on Instagram

A post shared by SPUTNIK|ҚАЗАҚСТАН (@sputnik_kz) on

"Құрметті, қала тұрғындары, жасаған әрекетіме қатты өкінемін. Ағат қылығым үшін сіздерден кешірім сұраймын. Өз әрекетіме жауап беруге дайынмын", - деді.

Полиция департаменті кортеж жүргізушілері заңды бұзғанын атап өтті.

"5 қаңтарда қара KIA көлігінің жүргізушісі Тұран даңғылында жолды жауып тастаған. Осылайша, ол "Хан шатыр" ойын сауық орталығында автомобиль тұрағынан 15 көліктің жолға кедергісіз шығуына жағдай жасаған. Видео Instagram әлеуметтік желісіндегі astana_sergek парақшасында жарияланды", - делінген хабараламада.

Бұл фактіден соң, полицейлер видеоны зерттеді. Кортеждің құрамындағыларды анықтау үшін тиісті шара қолданылды.

"Қазіргі таңда тәртіп сақшылары ҚР әкімшілік кодексінің 614-бабының 1-бөлігі ("көлiктің жүруіне кедергi келтіру"), 590-бабының 5,10-бөлігі ("көлiкті пайдалану қағидаларын бұзу") бойынша барлық 15 құқықбұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның арасында 1992 жылы туған KIA көлігінің жүргізушісі, Қазақстан азаматы Мубараков Ташбулатхон Марифхажанович та бар", - делінген хабарламада.

Тағы оқыңыз: Мемлекет басшысының жаңа жылдық құттықтауын бөлген депутат кешірім сұрады

Ол жол ережесін бұзғаны үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Мұны "Сергек" камералары тіркеген.

Бүгінде кортежде болған көліктер коммуналды көлік тұрағына қойылды.

Жаңалықтар
0