Спорт

Жанкүйерінің әрекеті спортшыны жылатты – видео

© AFP 2024 / Rodger BoschАрхивное фото мужчины, закрывшего лицо руками
Архивное фото мужчины, закрывшего лицо руками - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Испаниялық футболшы боливиялық клубта бес жыл өнер көрсеткен. Оның клубтан кетуі команда үшін де, жанкүйерлері үшін де жағымсыз жаңалық болды

НҰР-СҰЛТАН, 5 қаңтар — Sputnik. "Боливар" (Боливия) клубының жартылай қорғаушысы Хуанми Кальехонаны кішкентай жанкүйері жылатты, деп хабарлайды RT.

View this post on Instagram

A post shared by SPUTNIK|ҚАЗАҚСТАН (@sputnik_kz) on

Осы аптаның басында испаниялық жартылай қорғаушы ең мықты боливиялық командалардың бірінде соңғы матчын өткізді. "Роял Париге" қарсы ойында Кальехон алғашқы гол соқты.

Ойыннан соң жанкүйері тізерлеп, футболшыдан клубта қалуын өтініп сұрады. Осы кезде спортшы да көз жасына ерік берді. Кальехон балаға өзінің жейдесін сыйлады.

​"Отбасы жағдайына байланысты осындай шешім қабылдауға мәжбүр болдым. Әр кезеңнің соңы бар. Бірақ бұл соңғы қоштасу емес, біраз уақыттан соң кездесеміз", - деді футболшы.  

Бұл маусымда Хуанми Кальехон 35 гол соғып, чемпионаттың үздік шабуылшыларының бірі атанды.

Жаңалықтар
0