НҰР-СҰЛТАН, 5 қаңтар – Sputnik. Air Canada ұлттық тасымалдаушысының ұшағы Монреаль әуежайында шұғыл қонуға мәжбүр болды. Себебі лайнер әуеге көтерілгеннен кейін бірнеше секундтан соң шассидің бір дөңгелегі жұлынып кетті.
CBC телеарнасы рейс жолаушыларының бірі түсірген оқиғаның видеосын жариялады.
Bon bah là j’suis actuellement dans un avion qui vient de perdre une roue...
— Tom (@caf_tom) 3 января 2020 г.
2020 commence plutôt bien 🤔 pic.twitter.com/eZhbOJqIQr
Bombardier Dash 8 ірі канадалық әуе компаниясының ұшағы Монреальдан Квебек провинциясындағы Сагеней қаласына ұшуы керек болған.
Төтенше жағдайға тап болған лайнер бір сағат бойы әуежай маңында қалықтап жүрген. Ол отынды бітірген соң жерге қонған.
Бортта 49 жолаушы мен үш экипаж мүшесі болған. Ешкім зардап шеккен жоқ. Жолаушыларды компанияның басқа ұшағымен тасымалдау жоспарланып отыр.
Тағы оқыңыз: Алматыда Bek Air ұшағы апатқа ұшыраған сәттің видеосы жарияланды