НҰР-СҰЛТАН, 5 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда өткен жылғы ең танымал есімдер жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетіне сілтеме жасап.
2019 жылы ұлдар арасында ең танымал он есімнің тізімінде Әлихан көш бастап тұр. Былтыр 3816 сәбиге осы есім қойылған.
Екінші орында – Айсұлтан (3033), үшінші орында – Нұрислам (2304).
Сондай-ақ, ТОП-10-ға Әмір (2227), Әлинұр (2130), Рамазан (1999), Әли (1915), Ислам (1634), Алдияр (1601) және Санжар (1588) есімдері кіреді.
Ал қыздар арасында ең көп қойылған есім – Раяна (5151). Одан кейін – Медина (4924), үштікті Айзере есімі (4110) тұйықтап отыр.
Бұдан бөлек, қазақстандықтар арасында Айлин (3908), Айша (3823), Аяла (3607), Асылым (3285), Айару (3014), Әмина (2915), Кәусар (2309) есімдері де танымал болды.
Тағы оқыңыз: Мұсылманша есімдер немесе ат қою кезінде нені ескеру керек?
Статистика комитетінің ақпаратына сүйенсек, қыздар арасында Айзере мен Раяна есімдері 2015 жылдан бері үздік үштіктен түспей келеді.
Ал ұлдар арасында Әлихан, Айсұлтан және Нұрислам есімдері – төрт жыл бойы алдыңғы орындарда.
Бұған дейін елімізде сирек қойылатын есімдердің тізімі жарияланған болатын. Мәселен, ұлдар арасында: Байқазақ, Саввелий, Бронислав, Растислав, Құдірет, Нұрәлем, Бейбарыс-Сұлтан, Мұхаммед-Раджаб, Ерлер, Ақихат, Елтұлға, Нұршашхан, Нұртұяқ.
Тағы оқыңыз: Психологтар адам есімінің тағдырына қалай әсер ететінін айтты
Қыздар арасында: Севостьяна, Еңлік Сұлу, Ақпатша, Андриана, Тұмарсұлу, Рабиям, Нұршаһ, Аксиния, Евангелия, Бриллиант, Сахара, Ақ-ниет, Мыңжылқы, Ақмамық, Тәслима, Нұрдариға, Ангела, Хұснижамал.