НҰР-СҰЛТАН, 5 қаңтар – Sputnik. Роспотребнадзор мейрамханалардағы адам өміріне ең қауіпті тағамдарды атады. Бұл туралы ведомствоның жеке сайтында жарияланды.
"Мейрамханаға келген қонақтар майонез қосылған салаттан, крем қосылған десерттен, туралған ет өнімдері: рулет, паштет және котлеттен улануы немесе инфекция жұқтыруы мүмкін", - делінген хабарламада.
Тағы оқыңыз: Дәрігерлер балдың ешкім күтпеген қаупін айтты
Сонымен қатар мамандар дөнер де (шауырма) денсаулыққа зиянын тигізуі мүмкін екенін атап өтті.
"Дұрыс жуылмаған көкөніcтер мен жеміс-жидектерде бактерия мен вирустар болады. Адам мейрамханада тамақтан уланған кезде оған иерсиниоз, сальмонеллез, кампилобактериоз, А гепатиті, дизентерия (жұқпалы іш ауруы), ротавирустық және норовирустық инфекция сынды диагноздар қойылады", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ мекеме мейрамханада уланған азамат өзінің құқын қалай қорғау керектігін түсіндірді.
"Егер сіз мейрамханада уланып қалсаңыз, дәрігерге қаралған соң, мейрамхана қожайынына арыз жаза аласыз. Ол үшін тапсырыстың чегі немесе банк шотының көшірмесі қолыңызда болғаны жөн. Дәрігерден медициналық қорытынды алуыңыз керек. Онда сіздің мейрамханада неден уланғаныңыз анық көрсетілуі қажет", - делінген Роспотребнадзор таратқан хабарламада.