Саясат әрдайым ерлердің ісі болған. Дегенмен қазіргі заманда көптеген әйел саясат шыңын бағындыруда.
Олар премьер-министр және президент қызметтерін сәтті атқарып, саяси сахнада құрмет пен беделге қол жеткізіп жатыр.
Sputnik ел парламентін басқарып, президент сайлауында жеңіске жеткен, мемлекет басшылығында тұрған ең атақты әрі болашағы зор нәзік жандарды іріктеді.
Тағы оқыңыз: Бұрынғы үкімет басшысы тұрмыс құрмаған қыздарға кеңес берді
Олардың қатарында Финляндияның 34 жастағы жаңа премьер-министрі Санна Марин бар. Ол әлемдегі министрлер кабинетінің ең жас басшысы атанды.
"Мықты ханымдар" қатарында Хорватия президенті Колинда Грабар-Китарович, Дания премьер-министрі Метте Фредериксен, Словакия президенті Зузана Чапутова, Исландия үкіметінің басшысы Катрин Якобсдоуттир мен басқалар бар.
Sputnik фотолентасынан ерлермен қатар мемлекет басқарып отырған қазіргі ең жас әрі ықпалды нәзік жандардың суреттерін көріңіздер.