Оқиға

Атырау полициясы суға батып жатқан жасөспірімдер қалай құтқарылғанын көрсетті – видео

© Sputnik / Медиабанкке өтуЛедоход. Архивное фото
Ледоход. Архивное фото  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, екі учаскелік инспектор үш баланы судан шығарған, төртіншісінің мәйіті табылды

НҰР-СҰЛТАН, 5 қаңтар — Sputnik. 4 қаңтар күні кешкі сағат 20:00 шамасында Жайық өзенінде төрт жасөспірім мұз астына түсіп кетті. Оқиға Томарлы қаламаңы елді мекенінің жанында болған.

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Асхат Ержановтың мәліметінше, балалардың үшеуі құтқарылды, төртіншісі (2005 жылы туған) батып кетті.

Аман қалған жасөспірімдердің екеуі қазір облыстық балалар ауруханасында жатыр, үшіншісі үйіне жіберілді, деп жазды Atpress.kz.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі атап өткендей, балаларды судан екі учаскелік инспектор шығарған.

Отыз бірдей көлік мұз астына түсіп кетті – видео

Қайғылы оқиға қараңғы уақытта болғандықтан, қызметтік нұсқауларға сәйкес, іздеу жұмыстары таңертеңнен басталды.

Іздеуге 9 адам, оның ішінде төрт сүңгуір мен кинологиялық қызметтің бір қызметкері жұмылдырылды.

Осы мақаланы дайындау кезінде төтенше жағдайлар қызметкерлері суға батып кеткен баланың денесі оқиға орнынан 25-30 метр жерден табылғанын хабарлады.

Жаңалықтар
0