НҰР-СҰЛТАН, 4 қаңтар — Sputnik. Атырауда Құнанбаев көшесінде орналасқан апатты жағдайдағы бес қабатты жатақхана жергілікті тұрғындардың құтын қашырды. Бұл үй сүрілуі тиіс болатын. Оның тұрғындары былтыр желтоқсанда басқа баспанаға көшіріліпті, деп хабарлайды АTP Press.
Бірақ, қазір қаңырап бос қалған ғимарат тұрғындардың үрейін тудырып отыр. Тұрғын үйдің түрі де қорқынышты, бұған қоса, ол тұрғылықты тұратын жері жоқ адамдардың сүйікті орнына айналған.
Әлеуметтік желіде видеоролик тарап, оның авторы ғимараттың жастар мен "бомждар" жиналатын жер болып кеткенін айтады. Терезелерден тротуарға ескі сантехника тасталып жатады. Ал ауласында ашық құдықтар көп.
"Қайғылы оқиғаның болғанын күтіп отырған шығар", - дейді видео авторы.
Қорқынышты ғимаратқа жақын орналасқан үй тұрғындары түнде біреулер от жағатынын айтып, шағымданған. Атырау облысы әкімдігінің қызметкерлері видеоны көріп, үй сүрілгенше оған кіретін жолдарды жауап тастаймыз деп уәде беріпті.