НҰР-СҰЛТАН, 3 қаңтар — Sputnik. Ертең, 4 қаңтар күні Қазақстанның басым аумағында құбылмалы ауа райы сақталады, жауын-шашын болады, еліміздің солтүстігінде қар жауады.
Бұған қоса, синоптиктер тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасындатып, жел күшейеді деп болжап отыр.
Дабылды ескерту
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, бұрқасындатады. Оңтүстік-батыстан соққан жел күші кейбір аумақта секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Қостанайда оңтүстік-батыстан соққан жел екпіні секундына 18 метрге дейін күшейеді. Дауыл соғу мүмкіндігі 90-95% құрайды.
Мегаполистердегі ауа райы
Нұр-Сұлтанда ауа райы ала бұлтты, аздап қар жауады. Ауа температурасы күндіз минус 3-4 градус болса, түнде 7-8 градус нөлден төмен болады.
Алматыда да ауа райы бұлтты болады, қар жауады. Күндіз температура нөлден плюс 1 градусқа жетеді. Ал түнде 4 градусқа дейін суытады.
Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтаннан шығатын барлық жол ашық
Шымкентте ауа райы құбылмалы болады, қар аралас жаңбыр жауады. Ауа температурасы күндіз плюс 3-тен минус 5 градусқа дейін, түнде нөлден минус 1 градусқа дейін құбылады.