Қоғам

Біртанов Bek Air апатынан зардап шеккен науқастың хал-жағдайын білді

© Sputnik / Дәурен ЕрболатОперация
Операция - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Алматы маңындағы Bek Air ұшағы апатынан зардап шеккен науқас әйелдің хал-жағдайын білді

НҰР-СҰЛТАН, 3 қаңтар — Sputnik. Министр Facebook-те бүгін таңертең астаналық травматология және ортопедия ғылыми зерттеу институтында болғанын айтты.

"Орталықта Алматы маңындағы ұшақ апатынан зардап шеккен бір науқас емделуде. Ол кеше сағат 14:40 санавиация қызметімен Нұр-Сұлтанға жеткізілді. Пациенттің жағдайы орташа ауыр, көптеген жарақат алған және қан жоғалтқан. Өміріне қауіп жоқ. Орталық мамандары науқасты қажетті тексеруден өткізіп, операцияға дайындады. Қазіргі уақытта травматология және ортопедия ғылыми зерттеу институтының директоры, профессор Нұрлан Батпеновтың қатысуымен жедел емдеудің бірінші кезеңі өткізілді: оң санның жабық оқшаулағыш интрамедуллярлы остеосинтезі, бұғана пластинасының сол жақ синтезі", - деп жазды ол.

Денсаулық министрінің айтуынша, әуе апатынан зардап шеккендердің барлығына көмек көрсетілуде. Емдеу ісіне республикалық ғылыми зерттеу институттары мен орталықтардың үздік мамандары тартылды.

Бұған қоса, Елжан Біртанов "зардап шеккендердің жағдайы менің жеке бақылауымда" деді.

Тағы оқыңыз: Алматыда Bek Air ұшағы апатқа ұшыраған сәттің видеосы жарияланды

Еске салсақ, 27 желтоқсанда Алматы - Нұр-Сұлтан бағытындағы Bek Air әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшырады. Оқиға салдарынан 12 көз жұмып, бірнеше адам ауруханаға түсті.

Жаңалықтар
0