НҰР-СҰЛТАН, 2 қаңтар – Sputnik. 3 қаңтарда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады, солтүстікте, негізінен, қар жауады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
Дабылды ескерту
3 қаңтарда Ақмола облысының басым бөлігінде түнде қар жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын сақталады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с дейін жетеді.
Көкшетауда бұрқасындатып, көктайғақ болады.
Нұр-Сұлтанда да ертең қар жауып, бұрқасындатады, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады.
Қызылорда облысының кей жерлерінде – тұман, көктайғақ.
Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтілуде. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с дейін барады.
Тағы оқыңыз: Қазақстан жолдарында не болып жатыр: жүргізушілерге арналған ақпарат
Түркістан облысының кейбір аумағында – тұман, көктайғақ. Шымкент пен Түркістан қалаларында тұман түседі деп болжанып отыр.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде көктайғақ пен тұман сақталады. Ақтөбе қаласында таңертең тұман түседі.
Мегаполистерде ауа райы қандай болады
- Нұр-Сұлтанда қар жауады, күндіз ауа температурасы -1, түнде -4.
- Алматыда күннің екінші жартысында күн бұлтты, күндіз +3, түнде -6.
- Шымкентте де күн бұлтты, күндіз +6, түнде -1.
Өңірлердегі ауа райы
Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасындатады. Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан, түнде Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.
Павлодар облысының кейбір аймағында бұрқасын, тұман болады, жел соғады.
Тағы оқыңыз: Синоптиктер қаңтар айында ауа райы қандай болатынын айтты
Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау және Ақтөбе облыстарында – тұман, көктайғақ.
Батыс Қазақстан, түнде Алматы облыстарында тұман күтілуде. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні 18-23 м/с дейін күшейеді.