Оқиға

 Жаңа жыл түніндегі трагедия: Нұр-Сұлтанда өрттен 2 адам қаза тапты

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуПожар в частном доме, архивное фото
Пожар в частном доме, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Пригородный" тұрғын алабындағы саяжай үйі өртенді, өрттің себебі анықталып жатыр, деп хабарлады төтенше жағдайлар комитеті

НҰР-СҰЛТАН, 1 қаңтар – Sputnik. Елордалық "Пригородный" тұрғын алабындағы "Авиатор" саяжай қоғамында ер адам мен әйел өрттен қаза болды.

"1 қаңтарға қараған түні, сағат 03.23-те өрт шыққаны туралы хабарланды. Жалын сағат 04.24-те сөндірілді. Үйінділерді аршу кезінде ер адам мен әйелдің күйік шалған денесі табылды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр", - деп хабарлады Қазақстан ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз хатшысы Нұрсұлтан Нұрахметов.

Өрт аумағы 80 шаршы метрді құрады, ғимараттың бір бөлігі құлады.

Өртті сөндіруге елордалық ТЖ департаментінің 16 адамы мен үш өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.

Қостанай облысында екі ер адам тірідей өртеніп кетті

Айта кетейік, Қостанай облысында Жаңа жыл түні Амангелді ауданындағы "Машдвор" қыстауы аумағында уақытша баспана өртенді.

Өрт сөндірушілер жалынның таралуына жол бермей, оны бір сағаттың ішінде – сағат 06.40-та сөндірді. Күйік шалған 1974 жылы туған ер адам ауруханаға жатқызылды. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Жаңалықтар
0