Қоғам

Мемлекет қайраткері Серікболсын Әбділдин дүниеден озды

© Sputnik / Абзал КалиевГвоздики
Гвоздики - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Серікболсын Әбділдин Қазақстан Республикасы президенті сайлауында кандидат болды, ол 83 жасқа қараған шағында өмірден өтті  

НҰР-СҰЛТАН, 1 қаңтар — Sputnik. Экономист және саясаткер Серікболсын Әбділдин көз жұмды.  

"Қайғылы хабар. Қазақстан Республикасы мемлекет қайраткері, экономика ғылымдарының докторы Серікболсын Әбділдин өмірден өтіпті. Иманды болсын", - деп жазды саясаттанушы Ерлан Саиров.

Серікболсын Әбділдин туралы не білеміз?

1937 жылы 25 қарашада қазіргі Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді.  

Қазақстан Коммунистік партиясының бірінші хатшысы болды. 1999 жылы Қазақстан президенті сайлауына өз кандидатурасын ұсынды, 11,70% дауыс жинап, Нұрсұлтан Назарбаевтан кейін екінші орын алды.

"Қазақстандағы парламентаризмнің қалыптасуы" және "Қазақстан парламенті: одақтан мемлекеттілікке" кітаптарының авторы.

1991 жылдың 16 қазанынан 1993 жылдың желтоқсанына дейін Қазақстан Республикасы Жоғарғы кеңесінің төрағасы қызметін атқарды.

1994 жылы оппозицияға қосылды. 1996 жылдың сәуір айынан – Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы. 1999 жылдың қазан айынан – Қазақстан Демократиялық күштері форумының тең төрағасы. 2002 жылдың ақпан айынан – "Қазақстанның демократиялық таңдауы" ҚБ саяси кеңесінің мүшесі.

Қазақ өнерінің абыз анасы 103 жасқа қараған шағында дүниеден озды 

2002 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Назарбаевтың жарлығымен құрылған және 2005 жылдың маусымына дейін жұмыс істеген азаматтық қоғамды одан әрі демократияландыру және дамыту жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу кеңесінің мүшесі болды.

2004 жылдан бастап – Коммунистік партиялар одағы төрағасының орынбасары.

2004 жылдың 2 қарашасында президент жанындағы конультативті-кеңесші орган ретінде құрылған Демократия және азаматтық қоғам жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі болды.

2006 жылдың наурызында Ұлттық комиссия таратылғаннан кейін Қазақстан Республикасында демократиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу және нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды, оған Серікболсын Әбділдин мүше болды.

2010 жылдың 17 сәуірінде Қазақстан Компартиясы Орталық комитеті мен Орталық бақылау комиссиясының жалпы отырысы болып, онда Ғазиз Алдамжаров партияның бірінші хатшысы болып Серікболсын Әбділдинді алмастырды. Басшылықты ауыстыруды Әбділдиннің өзі ұсынды.

 

 

Жаңалықтар
0