НҰР-СҰЛТАН, 31 желтоқсан – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей басшысын Жаңа жылмен құттықтап, Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекеттер басшылары екі ел арасындағы жан-жақты ынтымақтастық пен стратегиялық серіктестіктің қарқынды дамып келе жатқанын ерекше атап өтті. Сондай-ақ қалыптасқан сенімді байланыстар Қазақстан мен Ресейдің ортақ істе одан әрі жақындай түсуіне ықпал ететіні сөз болды.
Тоқаев Путинді келесі жылы Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.
Мемлекеттер басшылары екіжақты және көпжақты форматтағы бірлескен жұмыстарды жалғастыра беруге уағдаласты.
Тағы оқыңыз: Бүкіл Қазақстанды селт еткізген оқиға
Сонымен қатар, президенттер бірін-бірі Жаңа жылмен құттықтады.