Әлем

"Солтүстік ағын – 2" жобасына қарсы санкциялар: Forbes өз бағасын берді

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтуГаз құбырын салып жатқан жұмысшылар, архивтегі сурет
Газ құбырын салып жатқан жұмысшылар, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Басылымның пікірінше, АҚШ-тың санкциялары тым әлсіз әрі тым кеш енгізіліп отыр. Ресейдің қарсыластарының да бұған көңілі толмайды

НҰР-СҰЛТАН, 31 желтоқсан – Sputnik. Америкалық Forbes басылымы "Солтүстік ағын – 2" жобасына қарсы санкциялар құбырдың құрылысына кедергі келтірмейді деп санайды.

Басылым АҚШ шектеу шараларын енгізуге бір жылға кеш қалғанын атап өтті.

Басылым мына мәселеге назар аударды: Украина газ транзитері ретінде энергетика нарығына оралғанда, АҚШ Ресей газының импортына қарсы аргументтерінің бірінен айырылады. Сол кезде сұйылтылған табиғи газды Еуропаға көбірек тасымалдау жағы да қиындай түседі.

Тағы оқыңыз: АҚШ-Ресей: Қазір қандай санкциялар салынып жатыр

"Бұл санкциялар тым әлсіз әрі тым кеш енгізіліп отыр. Тіпті Ресейдің қарсыластарына да олар ұнамайды", - деп санайды басылым.

"Солтүстік ағын – 2"

Жоба аясында Ресей жағалауынан Балтық теңізінің түбі арқылы Германияға дейін газ тасымалдайтын құбырдың екі тармағын іске қосу жоспарланып отыр. Газ құбыры, сондай-ақ, аумақтық сулар немесе Финляндия, Швеция және Данияның айрықша экономикалық аймақтары арқылы өтеді.

Украина газ құбырын салуға қарсы шықты. Себебі олар "Солтүстік ағын – 2" жобасы іске асқаннан кейін, Ресейдің көгілдір отынын өз аумағы арқылы тасымалдау тоқтайды деп қауіптенген еді.

Еуропа елдеріне жеткізілетін сұйылтылған газдың көлемін ұлғайтуды көздеп отырған Америка билігі де жобаны белсенді сынға алуда. Оның үстіне, АҚШ-тың қаржы министрлігі желтоқсан айының соңында "Солтүстік ағын – 2" және Түрік ағыны" газ құбырларына қарсы санкциялардың күшіне енгенін мәлімдеді.

Тағы оқыңыз: Трамп Тоқаевқа жеделхат жолдады

Вашингтон газ құбырын төсейтін компаниялардан құрылысты дереу тоқтатуды талап етті.

Есесіне Германия, Австрия және Норвегия жобаны қолдап отыр. Бұл елдердің билігі "Солтүстік ағын – 2" жобасы Еуропаның энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуы тиіс екенін талай рет атап өткен еді. Бұдан бөлек, Еуроодақ басшылығы Американың шектеу шараларын айыптады.

Бұған дейін премьер-министр Дмитрий Медведев "Солтүстік ағын – 2" газ құбыры санкцияларға қарамастан салынып бітетініне сенімділік білдірген еді. Энергетика министрлігінің басшысы Александр Новактың сөзінше, жоба 2020 жылдың соңына дейін іске қосылады.

Жаңалықтар
0