Қоғам

Украина қауіпсіздік қызметі тұтқындарды ұрып-соққан – куәгерлердің әңгімесі

© Sputnik / Болат ШайхиновКолония чрезвычайной безопасности ЕЦ-166/5 в поселке Аршалы
Колония чрезвычайной безопасности ЕЦ-166/5 в поселке Аршалы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жақында Украина мен өзін-өзі жариялаған "Донецк халық республикасы" және "Луганск халық республикасы" тұтқындармен алмасқан

НҰР-СҰЛТАН, 30 желтоқсан — Sputnik. Украинаның қауіпсіздік қызметі тұтқындарды ұрып-соққан. Бұл туралы РИА Новостиге Донбасқа қайтарылған тұтқындар мен олардың адвокаты айтып берді.

Мариуполь қаласындағы тергеу изоляторында бір жыл отырған төрт тұтқын: Вячеслав Бирюков, Александр Стельникович, Виктор Скрипник және Евгений Дружинин Украинаның қауіпсіздік қызметі мен "Азов" батальоны қысым көрсетіп, ұрып-соққанын жеткізді. Олар тұтқын алмасу операциясы барысында Донбасқа қайтарылды.

4 донбастықты Киев 2014 жылдың 9 мамырында Мариупольде қарулы қақтығысқа қатысты деген күдікпен ұстаған.

Ал 2014 жылдың тамызында Украина билігі оларды "Мангуст" лақап атымен белгілі Олега Недавнийдің тобына кірді деп айыптап, түрмеге қамаған. Алайда 4 донбастық тұрғынның үстінен 5 жыл тергеу жүргізілсе де, билік олардың кінәсін дәлелдей алмапты.

Осы уақыт аралығында Украина қауіпсіздік қызметі мен "Азов" батальоны Вячеслав Бирюков, Александр Стельникович, Виктор Скрипник және Евгений Дружининді аяусыз ұрып-соғып, олардан жасалмаған әрекетті мойындауды талап еткен.

"Бізді ұзақ уақыт ұрды, аяғымызды пышақпен нұқыды. Бетімізді автоматтың шүйдесімен ұрды. Бізді доп сияқты тепті. Мойнымыздан қылқындырып, тіпті іліп те қойды. Онда бұл процедураны жүргізу үшін арнайы ілмек те болды. Қысқасын айтқанда, жақсы "демалдық", - деді Вячеслав Бирюков.

Сарбаздың айтуынша, оны Мариуполь қаласындағы тергеу изоляторында ұрып-соққан. Мұнда Бирюков 4 күн қамауда болыпты.

"Күн сайын түнде "Азов" батальоны мен Украинаның қауіпсіздік қызметі бізге "қонаққа" келді", - деді ол.

Оның досы Александр Стельникович Мариупольдегі әуежайда заңсыз жұмыс істейтін түрмеде қамауда болған. Онда тұтқындар аяусыз соққыға жығылған. Халық арасында бұл орын "кітапхана" аталып кеткен. РИА Новости Украинаның қауіпсіздік қызметінің жасырын түрмелері туралы 2019 жылдың шілдесінде арнайы зерттеу жұмысын жүргізді.

"Адамдарды ұрып-соғу, қинау, кінәсін мойындатып, кейін "заңды" түрде жазаға тарту үшін осында жиі алып келетін. Мұнда көп адам соққыға жығылды", - дейді Александр Стельникович.

Оның айтуынша, таныс сарбаздар да осында соққыға жығылып, қорлық көрген. Құзырлы органдар олардан қажетті мәліметтерді алған.

Донбасқа қайтарылған тұтқындар болған жағдайды айтып, қылмыстық істің қозғалуына ықпал еткен.

Донецк облысы прокуратурасының тергеу тобы болған жағдайда байланысты 11.12.2015 жылдың № 42015050000000694 және № 42018051120000163 қылмыстық іс қозғаған. Тиісті құжаттар РИА Новостиде бар.

Айта кетейік, осыған дейін Украина мен өзін-өзі жариялаған "Донецк халық республикасы" және "Луганск халық республикасы" тұтқындармен алмасқан болатын.

"ДНР" және "ЛНР" Украина билігіне 120-дан астам тұтқынды қайтарған. Донбасс Киевке 76 адамды берген.

Тұтқын алмасу процесі 29 желтоқсан күні Донецк облысы Горловка маңындағы "Майорское" бақылау-өткізу бекетінде басталған болатын.

Жаңалықтар
0