Әлем

Филиппинде жойқын тайфун соқты: құрбандар бар

© REUTERS / Vermalyn Maloloy-On NavarreteПоследствия тайфуна "Урсула" на Филиппинах
Последствия тайфуна Урсула на Филиппинах - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Филиппинде "урсула" деген жойқын тайфун соғып, ондаған адам қаза тапты. Тұрғындардың көбі суға батып кеткен, кейбіреулер автокөліктерінде жарақаттанған. Тағы біреулерінің жүрегі тоқтап, қайтыс болған

НҰР-СҰЛТАН, 30 желтоқсан — Sputnik. Филиппинде "урсула" тайфуны салдарынан қаза болғандар саны 40-тан асты. Оннан астам адам із-түссіз жоғалып кетті, деп хабарлайды ABS-CBN телеарнасы.

Құрбандардың көбі суға батып кеткен. Ал басқалары құлаған ағаштардан, автокөлік ішінде болғандықтан немесе жүрегі тоқтағаннан көз жұмған, деп хабарлады Филиппиннің апаттар қаупін азайту және тәуекелдерді басқару ұлттық кеңесінің өкілі Марк Тимбал.

Бұған қоса, оның мәліметінше, оннан астам адам із-түссіз жоғалып кеткен, отызға жуық адам түрлі жарақат алған екен.

© REUTERS / Paul CincoТайфун салдары
Филиппинде жойқын тайфун соқты: құрбандар бар - Sputnik Қазақстан
Тайфун салдары

Филиппиндегі тайфун

Филиппинде күшті жел 24 желтоқсанда басталған. Оның екпіні сағатына 200 километрге жетіпті.

Апат болған аумақтардан жүздеген адам эвакуацияланған. Билік тайфун инфрақұрылым мен астыққа 21 миллион доллар көлемінде шығын келтірді деп отыр. Электрмен жабдықтау жүйесіне және 200 мыңнан астам үйге зақым келген екен.

Жаңалықтар
0