НҰР-СҰЛТАН, 31 желтоқсан — Sputnik. Қазақстан қаржы министрлігінің қаржы мониторингі комитетіне қарасты кинология орталығының басшылары жемқорлық жасады деген күдікке ілінді.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы қаласының прокуратурасымен бірлесіп Қазақстан қаржы министрлігі қаржы мониторингі комитетінің "Кинологиялық орталығы" РММ басшысы мен оның орынбасары пара алғанын әшкереледі", - деп жазылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз хабарламасында.
Олар бағынышты қызметкерлерінен қызмет бойынша жалпы қамқорлығы үшін жүйелі түрде 2 миллион 182 мың теңге көлемінде пара алғаны үшін күдікке ілінген.
Тағы оқыңыз: Ұлттық қауіпсіздік комитеті Атырау тұрғындарын ұстады
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдіктілерге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануға санкция берді.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Күдіктілердің кінәсінің деңгейі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.