Қоғам

Денесімен қорғаған: Ұшақ апаты кезінде жігіт аяғы ауыр әйелді құтқарып қалған

© Sputnik / Тимур БатыршинИмпровизированный мемориал жертвам крушения самолета в Алматы
Импровизированный мемориал жертвам крушения самолета в Алматы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Құтқарылған әйелдің туыстары тілшіден Темірлан Қадауов есімді жас жігіттің ерлігі жайлы халыққа айтып беруді өтінген екен

АЛМАТЫ, 29 желтоқсан — Sputnik. Алматы маңында апатқа ұшыраған ұшақ жолаушысы Темірлан Қадауов аяғы ауыр Гүлім Ақышева деген келіншекке көмектесіпті. Жігіт апат болғанда оны өз денесімен жауып, қорғап қалған. Одан кейін сыртқа алып шыққан. Гүлім Ақышева жүктіліктің бесінші айында екен.

Жүректі елжіретер оқиғаны журналист Әсем Жәпішева Facebook-тегі парағында баяндады. Оның айтуынша, бұндай өтінішті Гүлімнің туыстары білдіріпті.

Аяғы ауыр әйелді құтқарған жігіт
Денесімен қорғаған: Ұшақ апаты кезінде жігіт аяғы ауыр әйелді құтқарып қалған - Sputnik Қазақстан
Аяғы ауыр әйелді құтқарған жігіт

Гүлім Ақышева сол күні Алматыдан астанаға жолға шыққан. Қасындағы орында Темірлан Қадауов отырған. Жігіт апат кезінде келіншекті денесімен қорғап қалған, одан кейін ұшақтан шығуға көмектескен. Ол Гүлімді қауіпсіз жерге апарып тастаған соң қалған жолаушыларға көмектесуге кіріскен. 

Әйелдің туған-туыстары Темірлан мен оның ата-анасына үлкен алғыс білдірді.

"Темірлан – басқаларға үлгі болатындай нағыз еркек. Ол өз жарақатына қарамастан батылдық танытты», - деді аяғы ауыр келіншектің туыстары.

Еске салсақ, 27 желтоқсанда Алматы - Нұр-Сұлтан бағытындағы Bek Air әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшырады. Оқиға салдарынан 12 көз жұмып, бірнеше адам ауруханаға түсті.

Жаңалықтар
0