НҰР-СҰЛТАН, 29 желтоқсан - Sputnik. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев әуе апатынан қаза тапқандардың отбасыларына барды, деп хабарлады қала басшысының баспасөз хатшысы Әсет Мұқажанов.
"Ұшақ апатынан қаза болған алматылықтар – Қайырхан Тұматов, Марат Мұратбаев, Николай Асташов, Валерий Ануфриевтің үйлерінде жерлеу рәсіміне дайындық жүріп жатыр", - деп жазды Instagram парағында Әсет Мұқажанов.
Бұған қоса, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев көз жұмғандардың жанұяларына көңіл айтты.
Еске салсақ, 27 желтоқсанда Алматы - Нұр-Сұлтан бағытындағы Bek Air әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшырады. Оқиға салдарынан 12 көз жұмып, бірнеше адам ауруханаға түсті.
Тағы оқыңыз: Жақсы ұйымдастырушы еді – бұрынғы әріптестері генерал Қайдаров жайлы айтты
Сондай-ақ, бүгін Алматыда апатта мерт болған генерал Рүстем Қайдаровты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтеді.