Оқиға

Bek Air апатынан зардап шеккендерге шұғыл қан доноры қажет

© Sputnik / СтрингерМедперсонал горбольницы, готовый принять пострадавших при крушении самолета "Бек Эйр"
Медперсонал горбольницы, готовый принять пострадавших при крушении самолета Бек Эйр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның бала құқығы жөніндегі омбудсмені Аружан Саин халықтан көмек сұрады

НҰР-СҰЛТАН, 27 желтоқсан – Sputnik. Алматы маңындағы ұшақ апатынан зардап шеккендерге шұғыл түрде қан тапсыратын донорлар керек. Бұл туралы Қазақстанның бала құқығы жөніндегі омбудсмені Аружан Саин айтты.

Оның мәліметінше, ұшақ апатынан зардап шеккен адамдарға барлық қан тобының донорлары шұғыл түрде қажет.

"Құрметті алматылықтар! Ұшақ апатына байланысты шұғыл түрде барлық қан тобының донорлары керек", - деп жазды ол.

Қанды қайда тапсыруға болады?

Алматыдағы қан орталығы: мекен-жайы: Бұқар Жырау көшесі, 47 үй. Телефоны: 274-31-99,

Алматы облысындағы қан орталығы: мекен-жайы: Қаскелең қаласы, Абылай хан көшесі, 42 үй. Телефоны: +7 (72771) 2 28 04.

Кімдер қан тапсыра алмайды?

Төмендегі дертке шалдыққан адамдар донор бола алмайды:
1. гепатит;
2. бруцеллез;
3. сифилис;
4. Жүрек ақауы, бронхиалды астма, ВИЧ (АИТВ) дертіне шалдыққандар, есірткі тұтынушылар мен ішімдікке тәуелді адамдар.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPUTNIK|ҚАЗАҚСТАН (@sputnik_kz)

Алматы маңындағы ұшақ апаты

Қайғылы оқиға бүгін таңғы сағат 07:22-де болды. "Бэк Эйр" әуе компаниясының Fokker 100 ұшағы Талғар ауданындағы тұрғын үй секторына соғылды.

Ұшақ "Алматы – Нұр-Сұлтан" бағыты бойынша жолға шыққан. Әуе кемесі екі қабатты ғимаратқа құлады. Өрт шыққан жоқ.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, апат 14 адамның өмірін қиды. Ұшақта 93 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған.

Президент тапсырмасымен премьер-министр Асқар Мамин жетекшілік ететін комиссия құрылды.

Жаңалықтар
0